{metadescription}
Қазақстанда 25 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда 25 градусқа дейін аяз болады

"Қазгидромет" РМК мамандары 14-16 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы уақытта кей өңірлерде 25 градусқа дейін аяз күтіледі. Алдағы күндері Қазақстан территориясында Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттардың оңтүстік-шығысқа жылжуымен қар, кей жерлерде бұрқасын, солтүстік-шығыс желінің күшеюі және көктайғақ күтіледі. Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжиды. Онымен республиканың көптеген облыстарында күннің суытуы күтіледі.

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түңгі ауа температурасы 13...18, кей жерлерде 20...25 язға дейін төмендейді, бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С-қа төмен. Тек республиканың батысында осы күндері ауа температурасы нормаға жақын және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.