{metadescription}
Мектепте атыс болып, 2 адам қаза тапты

Мектепте атыс болып, 2 адам қаза тапты

14 қарашада АҚШ-тың Калифорния штатында Санта-Кларита қаласында мектепте атыс болып, екі адам өлді, үш адам жараланды.

Бұл ақпаратты жергілікті шериф кеңсесінің өкілі баспасөз жиынында хабарлады. 16 және 14 жастағы екі жасөспірім қаза тапқан. Бейсенбі күні 16 жасқа толуын тойлаған оқушы күдікке ілінді. Ол сабаққа қара киім киіп келіп, пистолеттен оқ атқан. Кейінірек өзін атқан.

Ауруханаға жеткізілген күдіктінің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалады. Оқушының не үшін шабуыл жасағаны белгісіз. Биыл Колорадо штатында "Колумбайн" мектебінде 20 жыл бұрын болған қанды шабуыл құрбандарын еске алмақ. Мектепке қарумен келген екі оқушы айналадағы адамдарға оқ атып, 15 адам өлген, 23 адам жараланған.

АҚШ-та қару-жарақ айналымын бақылауды күшейтуді қолдайтын Эверитаун коммерциялық емес ұйымның дерегінше, 14 қарашада болған оқиғаны есептегенде бір жыл ішінде осыған ұқсас 85 шабуыл болған.

Дереккөз: azattyq.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.