{metadescription}
Мамин үш вице-министрді жазалауды тапсырды

Мамин үш вице-министрді жазалауды тапсырды

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені үшін вице-министрлер мен бірнеше облыс әкімдерінің орынбасарларын жазалауды тапсырды.

«Мүдделі мемлекеттік органдардың ішінен жұмыс тобын құрып, бір апта ішінде әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді шаралар жүзеге асыру қажет. Үш күннің ішінде Премьер-Министр Кеңсесіне менің атымға азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу мәселесімен шұғылдануы тиіс ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция вице-министрлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс хат жолдансын», - деді Мамин үкімет отырысында.

Премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органдарға, әкімдерге жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

«Шымкент және Алматы қалаларының, Қызылорда, Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімдерінің орынбасарларын белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартып, Үкіметті хабардар етсін», - деді Премьер-Министр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде