{metadescription}
Өгей әкесі 5 жасар қызын өлтіріп, денесін көміп тастаған

Өгей әкесі 5 жасар қызын өлтіріп, денесін көміп тастаған

Қырымда өгей әкесі 5 жасар қызын өлтіріп тастаған.

Ол баланың өзін тыңдамағаны үшін осындай сұмдық әрекетке барған. Оқиғадан кейін тұтқындалған ер адам полицейлерге қыздың мүрдесін қайда көміп тастағанын көрсетті. Тергеу мәліметіне сәйкес, оқиға 12 қарашада орын алған. 

Өгей қызын өлтірді деп күдіктеліп отырған ер адамның сөзінше, ол 5 жасар қызды буындырып өлтіріп, артынша денесін үйден алып шығып, көліктің артқы орындығына жатқызыпты. Бұл кезде көліктің алдыңғы орындығында оның кіші ұлы отырыпты. Ер адам қыздың мүрдесін көміп тастап, артынша туған ұлымен бірге Украинаға қашып кетпек болған. Алайда олар шекарадан өте алмады. 

13 қарашада ер адам полицияға хабарласып, 5 жасар қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Алайда қызды іздестіру жұмыстары нәтиже бермегеннен кейін, полиция өгей әкенің өзін күдікті ретінде ұстады. Бүгінгі таңда ол тұтқындалды. БАҚ мәліметінше, күдіктінің мұндай әрекетіне өгей қызының өзін тыңдамауы және әкем деп қабылдамағаны себеп болыпты. 

Ал балалардың анасы Қытайда тұрып, сол жақта жұмыс істеп жатыр. Әйел күйеуімен ажырасуға ниеттеніп жүрген екен. Ресейдің тергеу комитеті ер адамның қызды көміп тастаған жерін көрсеткен видеосын жариялады. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде