Қазақстанда жүргізушілерге жаза күшейтіледі
Мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік қамау мерзімі 30 тәулікке дейін ұзартылып, көлік айдау құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғаяды.
13:14 20.11.2019
ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов көлікті мас күйінде басқарып, адамды мерт қылғандарды 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылғанын айтты.
"Мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынып отырмыз. Енді, мас күйінде осындай қылмыс жасаған адам 10 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ, өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде мас күйінде көлік айдағаны үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау мерзімі ұзартылып, көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғаймақ", - деді М. Ахметжанов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!