{metadescription}
ШҚО-да көктайғақтан жолаушылар автобусы аударылды

ШҚО-да көктайғақтан жолаушылар автобусы аударылды

«Шемонайха - Усть-Таловка» тасжолында көктайғақ салдарынан шағын автобус жол апатына түсті.

Жолаушылардың бесеуі дәрігер қарауына жүгінген, деп хабарлайды Полиция департаменті. «Мерседес» маркалы автобустың жүргізушісі көктайғақта жылдамдықты асырып жіберген. Көлік жол шетіне шығып, аударылып қалған. Көліктегі 12 жолаушының бесеуі дәрігер қарауына жүгінген. Қуанышқа орай, дәрігерлер олардың жарақаттары жеңіл екенін айтады.

«Бұл оқиғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды», - делінген Полиция департаментінің ақпаратында.

Дереккөз: altaynews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде