Президент Ержан Максимді жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Twitter-дегі ресми акаунтында «Junior Eurovision-2019» әлемдік байқауында жүлделі екінші орынды иеленген отандасымыз Ержан Максимді құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады.
10:40 25.11.2019
«Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!», - деп жазды президент.
Айта кетсек, Junior Eurovision-2019 халықаралық ән байқауында отандасымыз Ержан Максим ІІ-орын алды. 12 жастағы бала осы байқау үшін арнайы жазылған "Арманыңнан қалма" әнін қазақша және ағылшынша орындады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!