Жолаушылар ұшағында ұшқыш қаза болды
Ресейде жолаушылар ұшағы екінші ұшқыштың жағдайы нашарлаған соң Дондағы Ростов әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды.
11:19 25.11.2019
Ол жерге қонып жатқан кезде қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС өңірдің жедел қызметіне сілтеме жасап.
«Ұшақ Шереметьеводан ұшып шыққан. Таңғы сағат 10-дар шамасында екінші ұшқыштың жағдайы нашарлай бастаған. Ұшақ шұғыл қонуға рұқсат сұраған. Әуе кемесі жерге қонып жатқан кезде 1970 жылғы ұшқыш қайтыс болды», - деді агенттіктің дереккөзі.
Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, Мәскеуден Анапаға бағыт алған «Аэрофлот» әуе компаниясының ұшағы Мәскеу уақытымен 09:57-де Платов әуежайына (Дондағы Ростов) жедел қонды. Қазіргі таңда ұшақ әуежайдан өз бағыты бойынша ұшқалы жатыр.
Көз жұмған ұшқыштың орны басқа маманмен ауыстырылған. РФ Тергеу комитеті көліктегі оңтүстік тергеу басқармасы оқиға бойынша тексеруді бастады, деп хабарлады ТАСС-қа ведомство баспасөз қызметінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!