Жас әнші үйінде өлі күйінде табылды
Оңтүстік Кореяның әншісі мен актрисасы Гу Хара Сеулдегі өз үйінде өлі күйі табылды.
13:49 25.11.2019
28 жастағы K-pop жұлдызының денесі жексенбіде кешкісін табылған. Оның неден қайтыс болғаны әзірше белгісіз. Мұның алдында ғана бойжеткен өзінің Instagram-аккаунтында сурет жүктеп, оның астына "Қайырлы түн!" деп жазған.
Өлім себебі белгісіз, полиция тергеуге кірісті. Биыл мамыр айында Хара өзіне қол салмақ болғаны айтылады – ол кезде ессіз-түссіз жатқан әншіні менеджері тауып алып, ауруханаға жеткізілген.
Гу Хара Kara тобының құрамында танымал болған. Ұжым 2007-2016 жылдар арасында жұмыс істеген. Сондай-ақ әнші жеке де өнер көрсетіп, сериалдарға түскен. Бірнеше күн бұрын ол Жапонияда жаңа бағдарламасымен концерт қойған. 2015 жылы әнші жеке карьерасын бастап, Alohara (Can You Feel It?) атты мини-альбомын шығарған. Гу Хара сондай-ақ бірнеше сериалға түскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!