{metadescription}
Бортында 150 адамы бар круиздік лайнер жартасқа соғылды

Бортында 150 адамы бар круиздік лайнер жартасқа соғылды

La Belle Des Oceans круиздік лайнері тайландық Пхи-Пхи аралдары маңында Андаман теңізінде жартасқа келіп соғылған.

Дүйсенбі күні Maritime Bulletin басылымы жазғандай, келеңсіз жағдай жергілікті уақыт бойынша 02:00-03:00 аралығында орын алған. Қолда бар мәліметтер бойынша, кеменің бортында 90 жолаушы және 60 экипаж мүшесі болған.

Оқиға салдарынан лайнердің алдыңғы бөлігінің корпусы суға батып кеткен. Соған қарамастан кеме Тайландтың әскери теңіз күштерінің бақылауымен Пхукет аралына дейін өздігінен жеткен. Сағат 10:30 шамасында борттағы барлық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бельгия жалауы бар La Belle Des Oceans Малайзияның Пинанг аралынан Пхукет маңындағы Тайландтағы Пхангнга шығанағына бара жатқан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде