{metadescription}
Түркістанның орталық көшелерінде көлік жарысын ұйымдастырған

Түркістанның орталық көшелерінде көлік жарысын ұйымдастырған

Түркістан қаласының тұрғындары түнгі уақытта қаланың ортасындағы көшелердің бірінде автокөлік жарысын ұйымдастырды.

Олардың бұл әрекеті түсірілген видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Toyota Fortuner және Land Rover көліктерін мінген жүргізушілер кім жүйрік екенін анықтағысы келген көрінеді.  Алайда олардың бұл ойлары іске аспапты. Полиция қызметкерлері бір сағат өтпей жарысқа түскен жүргізушілердің бірін ұстап үлгеріпті. Ал оның көлігі айыппұл тұрағына жеткізілген. 

"1995 жылғы көлік жүргізушісі жазаланды. Оның үстіне екі әкімшілік іс қоғалып, айыппұл салынды. Барша көлік жүргізушілеріне жол тәртібін сақтап, өздеріңіздің және басқа адамның өміріне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын", - дедіТүркістан қалалық полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірхан. 

Қазіргі таңда екінші көлік жүргізушісі іздестірілуде, алдағы уақытта оған айыппұл салынып, көлігі арнайы тұраққа жөнелтілетін болады. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде