{metadescription}
Петропавлда 5 қабатты үй өртеніп, әйел адам көз жұмды

Петропавлда 5 қабатты үй өртеніп, әйел адам көз жұмды

Құтқарушылар келмей тұрып, куәгерлер өртенген пәтерден 57 жастағы ер адамды алып шыққан.

«24 қараша күні сағат 23.14 кезінде Петропавл қаласының «101» нөміріне Назарбаев көшесіндегі бес қабатты үйден өрт шыққаны туралы хабар келді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде үйдің екінші қабатындағы пәтер жанып жатқан. Өрт сөндірушілердің жедел қимылының арқасында 25 адам, оның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге көшірілді», - деп хабарлайды департаменттен.

Сонымен бірге, автобаспалдақтың көмегімен үшінші қабаттан тағы екі бала құтқарылған.

«Өрт сөндірушілер сағат 23.53-те 25 шаршы метр аумақты шарпыған жалын ауыздықталды. Өрт сөндіру қызметі келмей тұрып, куәгерлер 1962 жылғы үй иесін құтқарып алды. Ол ыс тиіп, ауруханаға жеткізілді. Өрт шыққан пәтерден 1974 жылғы әйелдің денесі табылды», - делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, үй иесі мен оның зәйелі ішімдікке құмар болған. Әзірге тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 13 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.