Алматы облысының тұрғыны туысын өлтіріп, жолдың бойына тастап кеткен
Алматы облысының полицейлері Нұр-Сұлтан қаласы тұрғынының өліміне қатысты қылмысты ашты.
15:50 25.11.2019
Аталған факті Талғарда тіркелді. 23 қарашада «Алатау-Тұздыбастау» тас жол бойындағы арықта жергілікті тұрғындар азаптау белгілері 31 жастағы азаматтың денесін тапты. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған тәртіп сақшылары қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды ұйымдастырды.
«Адам өлтірді» деген күдікпен Талғар ауданының 43 жастағы тұрғынын ұстайды. Ол мерт болған жігіттің алыс туысы болып шықты. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Айғақ зат ретінде пышақ пен темір құбыр тәркіленіп отыр. Қылмыстық тергеуді Талғар АІІБ жүргізіп, бұл іс облыстық басқарманың бақылауына алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!