Жолдан ұшып кеткен көлік аялдамада тұрған әйелді мерт қылды
Үндістанда орын алған сұмдық жол апаты жергілікті видеобақылау камераларына түсіп қалған.
01:12 26.11.2019
Жеңіл көлік жүргізушісі көпірмен келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Жүргізуші көлік жылдамдығын шамадан тыс асырып жіберген көрінеді: арқалық көпір бойымен келе жатқанда 44 км/сағ жылдамдықты ұстану шарт, алайда жол апатының себебіне айнлаған автокөліктің жүргізушісі темір тұлпардың жылдамдығын 104 км/сағ дейін жеткізген. Нәтижесінде, көлік жолда тұрған қоршаудан трамплин секілді секіріп, ұшып барып, автобус күтіп тұрған адамдарға соғылған.
Аялдамада тұрған кейбір адамдар көліктің жақындағанын көріп қашып үлгеріпті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан үш адам жарақат алып, бір әйел қаза тапты. Жүргізушінің өзі аман қалған, қазір оның үстіне қылмыстық іс қозғалыпты.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары