{metadescription}
Ұзақ өмір сүрудің тиімді тәсілі белгілі болды

Ұзақ өмір сүрудің тиімді тәсілі белгілі болды

Америкалық ғалымдардың айтуынша, тұрақты түрде ашығу жүрек ауруларының алдын алып, ұзақ өмір сүруге септігін тигізеді.

Олар ашыққан адамдарда жүрек талмасы 71 процентке сирек кездеседі дейді. Бірінші зерттеуге жүрегіне катетер салғызған және 4,4 жыл бойы бақылауда болған екі мыңға жуық адам қатысқан. Олардың 389-ы бес жыл бойы тұрақты түрде ашыққан. Зерттеушілер ашығатындар арасында өлім-жітім 45 процентке төмен екенін анықтапты.

Мамандар екінші зерттеуде ашығудың жүрек белсенділігіне қалай әсер ететінін тексеру үшін сол пациенттер туралы мәліметтерге талдау жасады. Зерттеу нәтижесінде, ашығатындарда жүрек талмасы 71 процентке сирек кездесетіні анықталды.

Бұған дейін Гарвард медициналық мектебінің ғалымдары калория тұтынуды азайту неліктен өмірді ұзартатынын анықтаған еді. Бұл байланыс иммундық жүйе белсенділігіндегі өзгерістер арқылы жүзеге асатыны белгілі болды.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.