{metadescription}
Келесі жылы ұстаздардың жалақысы 25%-ға өседі

Келесі жылы ұстаздардың жалақысы 25%-ға өседі

Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысын төрт жылдың ішінде екі есеге арттыру жоспарланып отырғанына тоқталды.

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы аясында директорлар мен әдіскерлердің жалақысына қатысты мәселе шешіледі.

"Мемлекет басшысының тамыз конференциясында берген тапсырмасы аясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Бұл – келесі жылдан бастап педагогтердың жалақысы 25%-ға көбейеді деген сөз" , - деді өз сөзінде Аймағамбетов.

Еліміздің бас мұғалімінің айтуынша, Заң жобасында мұғалімдердің өз құзыретін арттыруға бағытталған материалдық ынталандыру нормалары да қарастырылған. Бұған қоса мектептерде педагог қызметкерлердің сапалы әлеуетін арттыруды ынталандыру мақсатында магистр дәрежесі бар тұлғалар үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы көзделеді. Атап айтарлық жайт, заң жобасы шеңберінде мәртебені арттыру жөніндегі жаңашылдықтар барлық мұғалімдерге әсер етеді.

Соынмен қатар педагог мәртебесін арттыру оның қызметіне қойылатын талаптарды күшейтуді көзделетіні айтылды. Сондықтан заң жобасына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ұстаз ретінде кәсіби қызметін жүзеге асыруға алғаш рет кірісетін тұлғалар педагог біліктілігінің сәйкестігін растауы тиіс екен. 

Ведомство басшысының айтуынша, мұғалімдердің балаларына балабақшаларға бірінші кезекте орын беру тәртібі, "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік марапатының жаңа түрі сияқты бірқатар материалдық емес стимулдар көзделген. Бұдан басқа әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, ауылдық жерде жұмыс істейтін мұғалімдерге үстеме жалақы, денсаулық сақтау, "Үздік педагог" иегерлерінің гранты сияқты барлық әлеуметтік кепілдіктер сақталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.