{metadescription}
Павлодарда екі мектеп оқушысы төбелесіп, бір жеткіншек пышақталды

Павлодарда екі мектеп оқушысы төбелесіп, бір жеткіншек пышақталды

Павлодарда мектеп оқушысы жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды.

Полицейлер төбелестің себебін анықтауда. Павлодарда екі қалалық мектептің оқушылары пышақтасты, деп хабарлады журналистерге облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов. Аймақтың бас полицейінің мәліметіне сәйкес, екі қалалық мектептің екі оқушысы төбелесіп, пышақтасқан. Оқиға салдарынан бір жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Жанжалға екі мектептің жоғарғы сынып оқушылары арасындағы араздық себеп болған. Ресми ақпаратқа сай, 15 және 16 жастағы екі жасөспірім төбелесіпті.

"Екеуі бір-бірін ұнатпаған. Біз ол жерде пышақтың қайдан пайда болғанын анықтаймыз. Тергеу жүреді, одан кейін қосымша хабарлаймыз. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Кейбір дерек бойынша, жанжалға мектеп оқушыларының бір-бірінен ақша бопсалауы себеп болған. Дегенмен Мәсімовтың айтуынша, бопсалау фактісі әлі анықталған жоқ.

"Бұл оқиғаға қатысы бар жасөспірімдер полицияда есепте болмаған. Орташа деңгейде оқыған балалар. Біреуі бокспен айналысқан. Аталған факт бойынша Қазақстан қылмыстық кодексінің 106-бабы – ауыр дене жарақатын салу бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды", - деп толықтырды ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.