{metadescription}
Асхат Аймағамбетов соттың шешімінсіз-ақ талапқа сай емес ЖОО-ын жаба ма

Асхат Аймағамбетов соттың шешімінсіз-ақ талапқа сай емес ЖОО-ын жаба ма

Бірақ, бұл жерде ешбір студент зардап шекпеу керек дейді министр.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің пайымынша, университет ашуға лицензия беретін министрлік болғандықтан, ол лицензияны кері қайтару да олардың құзіретінде болуы керек.

«Бүгін бұл шешімді сот шығарады. Сондықтан, біз тиісті норма қабылдағымыз келеді, жуық арада ол норманы қабылдаймыз деп үміттенемін. Яғни, мемлекеттік орган ретінде университеттердің жұмысына лицензия беретін біз, сондықтан, лицензияны кері қайтаратын уәкілетті орган да біз болуымыз керек», - дейді Аймағамбетов мәжіліс отырысынан соң журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Бірақ, бұл жерде ешбір студент зардап шекпеу керек дейді министр.

«Түсінесіздер ме, бізде жоғары оқу орындары өте көп, ал талапқа сай емес оқу орындары жабылуы керек. Бірақ, студенттердің басқа оқу орындарына ауысуы мәселесін қарап жатырмыз, лицензиядан айырылған оқу орындары студенттерге зиянын тигізбеу керек», - деді Аймағамбетов.

Дереккөз: azattyqruhy

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.