{metadescription}
Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Жолаушылар тасымалдайтын көлікте 16 адам болған.

Олар аязды күні жолда үсіп қала жаздаған. Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлютка-Қостанай тас жолында 16 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ адамдар үсіп қала жаздады. Жол апаты бүгін болды. "КАВЗ-4238" қоғамдық көлігінің жүргізушісі оны басқара алмай қалып, жыраға түсіп кеткен.

Автобуста 16 жолаушы болған, олардың қатарында бес жасар бала да бар. Дегенмен жүргізуші амал табады. Ол тас жолға шығып, осы бағыттағы автобусты тоқтатып, барлық жолаушыны отырғызып жібереді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір "Қазавтожол" қызметкерлері жыраға түсіп кеткен көлікті шығаруға көмектесіп жатыр. Апаттың алдын ала себебі – көлік құралының техникалық ақауы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде