{metadescription}
Ирактан Қазақстанға 14 бала қайтарылды

Ирактан Қазақстанға 14 бала қайтарылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде Ирак түрмесінде өз аналарының жанында жатқан 14 қазақстандық бала қайтарылды.

«Олардың аналары сотталып, террористік әрекетке қатысы үшін түрмеде жазасын өтеп жатыр. Аталмыш гуманитарлық акция балалардың аналары мен туған-туыстарының сұрауы бойынша ұйымдастырылды. Шараны Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органдармен, отандық үкіметтік емес құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыса отырып жүзеге асырды. Ирактың билігіне және осы акцияны жүзеге асыруға атсалысқан барлық тұлғалар мен ұйымдарға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз», - деді елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

Құжаттандыру үдерісі мен оңалту кезеңі аяқталғаннан кейін балалар өз туыстарымен қауышады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.