{metadescription}
Атырау облысында 13 жасар қыз өзіне қол жұмсады

Атырау облысында 13 жасар қыз өзіне қол жұмсады

28 қараша күні Құлсары қаласында 13 жасар қыз өзіне қол салды. 

Жеткіншек өзі тұрған үйдің көлік жайында асылып қалыпты. 

"Оқиға кешкісін орын алған, қыздың денесін анасы тауып алыпты. Суицидтің себебі әлі белгісіз. Мектепте қыз оғаш қылығымен, күйзеліске шалдығуымен көзге түспеген. Қыз толық отбасыдан шыққан. Бұған қоса қыз өлер алдында хат жазып қалдырмапты, ал ұялы телефонындағы соңғы жазбалардың барлығын өшірріп тастаған", - деді Жылыой аудандық бөлім басқармасының басшысы Айбарша Қақпанбаева. 

Қазіргі таңда оқиғаның анық-қанығын полиция қызметкерлері анықтауда. Бұған дейін 2017-2018 жылдары Жылыой ауданында 5 оқушы өзіне қол жұмсаған, тағы екі жасөспірімді құтқарылған. 

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.