{metadescription}
Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді

30 қараша күні Алматы облысында 15 сағат 05 минутта жер сілкінісін тіркелді.

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 30 қараша күні 15 сағат 05 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Дәлірек айтқанда Алматы облысының Кербұлақ ауданында. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.2. MPV магнитудасы – 4.3. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде