1-желтоқсанда еліміздің біраз аймағын тұман басады
Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында фронтальді бөліктердің өтуімен байланысты, тұрақсыз ауа-райы болады, кей жерлерде жауын-шашын – жаңбыр, қар жауады.
09:41 01.12.2019
Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де тұрақтанатын антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында фронтальді бөліктердің өтуімен байланысты, тұрақсыз ауа-райы болады, кей жерлерде жауын-шашын – жаңбыр, қар жауады. Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын бақыланады, жел күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде – тұман бақыланады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, Алакөл көліның аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Актөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Маңғыстау, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының, түнде Павлодар, Ақмола, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!