Күміс медаль 11 жылдан кейін алтын медальға айналды
30 қараша күні, Нұр-Сұлтан қаласындағы салтанатты рәсімде екі қазақстандық спортшы 2008 жылғы Пекиндегі жазғы Олимпиада ойындарының медаліне ие болды.
11:44 01.12.2019
Олимпиаданың қайта қаралған нәтижелеріне сәйкес Пекинде екі спорт түрі бойынша Қазақстанның жүлде қорында өзгерістер бар. Қазақстандық зілтемірші Алла Важенина 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ауыр атлетикадан алтын медальға ие болды. Ольга Рыпакова туған күнінде ресми түрде 2008 жылғы Олимпиаданың күміс медалін алды. Осылайша, спортшы Лондон Олимпиадасының алтынын, Пекиндегі ойындардың күмісін және 2016 жылы Рио - де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!