{metadescription}
Жаңа бьюти-тренд жастар арасында кең таралуда

Жаңа бьюти-тренд жастар арасында кең таралуда

Қараша айының соңында әлеуметтік желілер "толқынды" және "бұрыштық" ерні бар қыздардың суреттеріне толып кетті. 

Жаңа бьюти-тренд "ерін-патиссондар", "Ібілістің ерні", "ерін-қолшатыр" деп аталып кетті. Қолданушы косметологтарға инъекциялар арқылы жаңа, түпнұсқа форма жасау үшін жаппай жастар жүгінеді. Бұл сәншілердің арасында жігіттер де бар. Ерні нәзік контурмен ресейлік косметолог Емельян Брауде ойлап тапты. Жаңа трендтің авторы медик емес, косметолог емес, сәулет және құрылыс саласының өкілі.

Юзерде косметикалық өзгеріске ұшыраған қыздардың суреттері қарама-қайшы эмоция мен пікір тудыруда. Көптеген адамдар бұл "бар тұрған сұрықсыздық" деп үзілді кесілді қарсы болса, кейбіреулер өзіне жасатуға ниет білдіріп отыр. Дәрігер-косметолог Александр Гонттың айтуынша, бұл процедура ауыртпалықсыз өтетін көрінеді. Егер арнайы жабдықталған кабинет жағдайында жасалатын болса, ол кез келген басқа косметологиялық инъекциядан қауіпті емес.

"Эстетикалық жағынан бұл өте әдемі емес. Менің ойымша, бұл тек жастардың танымалдығын тарту тренді", - деп мәлімдеді 360 телеарнасына Гонт.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде