{metadescription}
Ғалымдар түс көруге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Ғалымдар түс көруге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Түс көрген кезде мидың белдеме қатпары мен орталық бөлігі белсенді бола түсетіні анықталды.

Зерттеуге адамдардың екі тобы қатысты. Женева университетінің ғалымдары қорқынышты түс көру ояу болғанда күйзеліспен күресуге көмектесетінін айтты. Бірінші зерттеу кезінде 18 адамның ұйқы кезіндегі миының белсенділігі зерттелді.

Адамдардың әрқайсысын мамандар бірнеше рет оятып, қорқынышты түс көрген-көрмегенін білді. Адам түс көрген кезде мидың белдеме қатпары мен орталық бөлігі белсенді бола түсетіні анықталды. Екінші зерттеуге 89 адам қатысты. Қорқынышты түсті жиі көретіндердің миының бұл бөліктерінің белсенділігі ояу болған кезінде төмендейді екен. Ғалымдар қорқынышты түс көру өмірдегі қиын жағдайларды жоюға көмектесетінін анықтап отыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде