Қайырымды жандар көпбалалы отбасыларға баспана сыйлады
Тұңғыш Президент күнін Алматы облысының Текелі қаласындағы 12 отбасы жаңа баспанада қарсы алды.
11:34 02.12.2019
Аз қамтылған және көпбалалы 10 жанұя коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алды. Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев баспана кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ Текелі қаласының екі отбасына меценаттар баспана сыйлады. «Дәулет серпін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арқасында 7 баланы тәрбиелеп отырған Майгүл Жұбатхан Тұңғыш Президент күнін бес бөлмелі жер үйде қарсы алды.
Сондай-ақ осындай қуанышқа алты баланы тәрбиелеп отырған Ержан Ғалымның да отбасы кенелді. Баспана тауқыметін тартқан жанұяға мұндай қуанышты Алматы облыстық Мәдениет басқармасы мен облыстық газет редакторлары сыйлады. Жанұя енді екі бөлмелі пәтерде тұратын болады. Айта кетейік, бұған дейін Тұңғыш Президент күніне орай Алматы облысының Алакөл, Көксу, Кербұлақ аудандарында да жаңа баспана кілттері тапсырылған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!