Өлім аузында жатқан жігіт алғашқы махаббатына үйленді
АҚШ-тың Чикаго қаласында әл үстінде жатқан жігіт өзінің мектептен бері кездесетін қызына үйленді.
18:16 02.12.2019
23 жастағы Хавьер Родригестің диагнозы - гипертрофиялық кардиомиопатия. Мұндай генетикалық ауру кезінде адамдарда жүрек жетіспеушілігі болады. Жас жігіт 14 және 18 жасында екі рет ота жасатқан.
Родригес мектептен бері өзінің сыныптасы Кристал Куэваспен кездесткен. Екеуінің кішкентай қызы бар. Дәрігер Родригездің санаулы уақыт қана өмір сүретінін айтқан. Науқас жігіт сүйгенімен неке қиямын деп шешіпті. Медициналық орталықта өткен рәсімге жігіт мүгедек арбасымен келді.
Қалыңдық күйеуінің өзінің диагнозына үйреніп, көнгенін айтады. Кристал Куэвас өзінің ең қуанышты күні бақыт пен қайғыға толы болғанын жеткізді. Өйткені тойдан кейін баламен жалғыз қалатынын білген.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!