Қызылордада жолаушылар автобусы аударылып, 8 адам ажал құшты
Қызылорда-Құмкөл тасжолында жолаушылар автобусы аударылды.
09:06 03.12.2019
Қызылорда облысында 50 адам мінген автобус аударылып кетті, төрт адамның мәйіті табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 3 желтоқсан күні Қызылордадан 85 километр жерде көктайғақтан жүргізуші рөлге ие бола алмаған. Автобус жолдан шығып кетіп, төңкеріліп қалған. Оқиға таңғы сағат 05:25-те болған.
"Сағат 07.56-дағы мәлімет бойынша, оқиға орнында төрт адам қаза болды, зардап шеккен 15 жолаушы автобустан шығарылды. Құтқарушылар апаттан құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр", - деп атап өтті Нұрахметов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!