Әжетхана жуудан бас тартқан сарбаз көз жұмды
Белгородтағы әскери бөлімшелердің бірінде әскери қызметін екі-ақ күн өтеген Ставропольдік азамат көз жұмды.
01:03 04.12.2019
Оқиға қарашаның 29-ы болған, алайда ол туралы ақпарат енді ғана пайда болды. Қаза болған 19 жастағы жас жігіттің анасының айтуынша, баласы қарашаның 28-і Белгородтағы казармаға орналасқан. Сол күні-ақ, әжетхана жу деп қысым жасалғанын, бірақ өлсе де ондай жұмыс істемейтіндігін айтып отбасына хат жазған. Түннің бір уағында "арада кикілжің шықты және әңгімеге тартып жатыр" деп аудио хабар жіберген. Кіммен сөйлескені белгісіз.
Қарашаның 29-ы командир жас жігіттің туыстарына хабарласып, оның өлімін естірткен. Командирдің айтуынша, турникте жаттығу жасап тұрған кезінде халі нашарлаған. Жедел жәрдем шақырылғанына қарамастан, дәрігерлердің қолынан ештеңе келмеді. Қазіргі таңда оқиға себептері анықталып жатыр.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!