Шымкентте әйел өзін-өзі өртеп жіберді
Шымкентте әйел сүйіктісімен айырылысқаны үшін өзін өртеп жіберген.
10:53 04.12.2019
Шымкент қаласының ауруханасына денесінің 80%-ын күйік шалған 1988 жылғы әйел түскен. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, әйел адам өзіне бензин шашып, өртеп жіберген. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
1988 жылғы қала тұрғыны үстіне бензин құйып, Тассай ықшам-ауданындағы Юсуф Сареми көшесінде тұрып, өзін өрттеп жіберген. Үсті күйген әйел жансақтау бөліміне орналастырыпты. Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр екендігін жеткізді.
Болжам бойынша, әйел мұндай қадамға жігітімен ұрсысып қалғаннан барған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!