{metadescription}
Елордада жол ережесін 98 рет бұзған жүргізушіге 6 миллион теңге айыппұл салынды

Елордада жол ережесін 98 рет бұзған жүргізушіге 6 миллион теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан қаласында көлік жүргізушісіне жол ережесін бұзғандықтан 6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне хабарлайды.  3 желтоқсанда полиция «VOLVO Xc90» маркалы автомобильді жол-көлік ережесін бұзғаны үшін тоқтатты. Бейнебақылау камералары мониторинг жүргізу кезінде осы автокөлік жол қозғалысы ережесін бұзғанына байланысты тоқтатылған. Көлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында полиция 98 жол ережесін бұзғаны үшін 6 млн 95 мың 350 теңге айыппұл арқалап жүрген азамат екенін анықтады. 

Бұған қоса полиция қызметкерлері Lexus LX 570 автокөлігін мінген, атына 49 жол ережесін бұзушылық тіркелген және 2 миллион 489 мың 650 теңгелік айыппұлы бар жүргізушіні анықтапты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде