{metadescription}
Анасы мен бауырын өлтірген өгей әкесінен 12 жастағы бала қашып құтылған

Анасы мен бауырын өлтірген өгей әкесінен 12 жастағы бала қашып құтылған

Татарстанда ер адам бұрынғы әйелін, үлкен өгей баласы мен туған ұлын пышақтап өлтірді.

Абырай болғанда 12 жастағы жасөспірім бөлменің есігін жауып, артынша терезеден секіріп үйден қашып кетіпті. Әлеуметтік желіде "Россия 24" телеарнасы жариялаған видеодан жараланған баланың көмек шақыру үшін тәулік бойы жұмыс істейтін наубайханаға жүгіріп кіргенін көруге болады. Баланың үстінде іш киімінен басқа түк жоқ.

Дүкен қызметкерлері есеңгіреп қалған жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Кейін бала ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, қайғылы оқиға Татарстанның Менделеевск қаласында болған. Үш рет сотталған ер адам бұрынғы әйелін және екі жасар туған ұлын өлтірді. Ал 19 жастағы өгей баласы ауруханада жатыр. Тергеушілердің айтуынша, ер адам мас күйінде отбасы мүшелеріне пышақ салған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаскүнемнің 12 жасар өгей баласы ғана аман қалды. Қылмыс жасалған кезде ол өз бөлмесінің есігін іштен іліп алған. Кейін пәтердің терезесінен секіріп түсіп, оқиғаның мән-жайын хабарлаған. Қазіргі таңда ер азамат тергеу изоляторына қамауға алған. Тергеушілерге мұндай әрекетке қызғаныштан барғандығын жеткізді. Анықталғандай еркек қылмыс жасау кезінде мас болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.