Бір жастан асқан сәби өртенген үйден күшігін құтқарамын деп көз жұмды
АҚШ-тың Арканзас штатында бір жастан асқан бүлдіршін өртке оранған үйден күшігін құтқарамын деп, өзі көз жұмыды.
17:57 04.12.2019
30 қараша күні сағат 17:00 шамасында ерлі-зайыпты Куртис және Кейтлин Шарптардың үйі отқа оранған. Олар өрт енді басталып жатқанда үйден шығып үлгеріп, көмекке құтқарушыларды шақырыпты. Ата-анасы өрт сөндіріп, қарбаласып жатқанда қараусыз қалған бүлдіршін үйде қалып қойған күшігін құтқаруға кіріп кеткен. Алайда өрт шапқан үйдің ішінен баланың өзі де шыға алмай қалыпты.
"Ол күшігін құтқара алмады", - дейді баланың әкесі.
Өрттің пайда болу себебі ретінде тоқ жүйесіндегі ақау айтылып жатыр. Қазіргі таңда құтқарушылар оның негізгі себебін анықтауда.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!