{metadescription}
Қарағандылық полицейлер суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды

Қарағандылық полицейлер суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды

3 қараша күні сағат 21:00-де Қарағанды қаласы полиция басқармасының 102 нөміріне ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болғандығы туралы хабарлама келіп түскен. 

Оқиға орнына сол ауданда кезекшілік атқарып жүрген полиция сержанты Әлішер Қапасов пен Нұрлыбек Саулау және жақын маңда кезекшілікте жүрген Мәди Сембеков пен Ақжол Айтқали барды. 

 «Жедел басқару орталығына 15 шағын ауданда №5 үйдің артында ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болғандығы туралы хабар келіп түсті. Біз бірден оқиға орнына келдік. Ер адамның қай гараждың ішінде екенін іздей бастадық. Бір гараждың жанынан өтіп бара жатқанда, есігінің біраз ашық тұрғанын байқап қалдым. Есікті ашып кіргенімде ер адамды көрдім. Мойнындағы жіпті шешу үшін үш адам оны көтеріп тұрды. Мен жіпті шешіп алдым. Басында ол тыныс алмай жатты, кейін алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін, демала бастады», - деді сержант Әлішер Қапасов. 

Ер адам ауруханаға жатқызылды. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Біраз уақыттан кейін оқиға орнына ер адамның досы келіп, ер оның WhatsApp-қа қоштасу хатын жазып кеткендігін айтқан. 

«Мен досымның өзіне қол жұмсағалы жатқанын біліп, 102-ге хабарластым. Оқиға орнына келгенімде полиция қызметкерлері оны құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқанын көрдім. Мен жалғыз оны аман алып қала алмаушы едім. Полиция қызметкерлеріне досымды құтқарып қалғандары үшін алғыс айтамын», - деді Санжар Артықбаев.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде