{metadescription}
Миллионердің ұлы есірткіге әуес болып 21 жыл көшеде өмір сүрген

Миллионердің ұлы есірткіге әуес болып 21 жыл көшеде өмір сүрген

Англияның Труро қаласы, Корноулл графствосынан шыққан миллионердің ұлы есірткіге тәуелді болып, 21 жыл бойы қаңғып жүрген.

Райан Стаффьер (Ryan Staffiere)  бай отбасынан шыққан және бала кезінде жеке меншік мектепке барған. Бірақ 11 жасынан бастап марихуана шеге бастайды да, кейін барлық есірткіге әуестенеді. Сөйтіп, жиырма жасында героинға толық тәуелді болады. Ата-анасы ұлын бұл жаман әдетінен арылтай алмайды. Емдік шаралардың ешбірі көмектеспеген соң ақыры Райанды үйден қуып жібереді. 

Британдық жігіт 93 рет сотты болған. Жақында ол мас күйінде полиция көлігіне кіріп кетіп, құқық қорғаушылардын үйіне апарып тастауын өтінген. Стaффьердің айтуынша, "уақыт өте келе көшеде қонуға еті үйреніп" кеткен. Үйсіз жүрген адам үшін ең сорақысы - жаңбырда суға малшынып, үстіңді құрғататын жер таппау екенін мойындайды ол. Уақыт өткен сайын британдық туыстарымен қайта татуласқысы келеді, бірақ өткен Рождествода көп ішіп қойғаны үшін анасының үйінен қуып жіберген. 

Сондай-ақ, Стаффьердің 10 жастағы қызы бар, бірақ екеуі араласпайды. Қыз баланың да анасы нашақор болған, есірткі дозасын асыра сілтегені үшін көз жұмған. Бүгінде қызы Стаффьердің отбасымен тұрып жатыр. Қызымен қайта қауышу үшін Стаффьер ребилитациядан өтпекші. Қазіргі таңда қонақ үйде тұрып жатыр.

"Кішкентай пәтер тауып, ит асырағым келеді әрі көлік жүргізуді үйренгім келеді", - дейді ол. 

Толық жазылғаннан кейін, үйсіз адамдарға көмектесіп, оның өз кәсібі ету арманы екенін айтты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде