{metadescription}
Жел күшейіп, қар жауады: 5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Жел күшейіп, қар жауады: 5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Тек еліміздің оңтүстік-шығысы антициклон ықпалында болғандықтан күн райы ашық болады.

Қазақстанда 5 желтоқсанда елімізді жел күшейіп, қар жауады, кей жерде бұрқасын соғады. Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысы антициклон ықпалында болғандықтан күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді. 

Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола, Ақтөбе облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, деп жазады Қазгидромет

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с жетеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.