Алматыда штаб батальоны командирі сотталды
Қойбақов әскери қызметті 1 айға жеңілдетуге 100 мың теңге пара алған.
12:41 05.12.2019
Бұған дейін жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қазақстан қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара алғаны үшін сотталды. Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлағандай, 61993 әскери бөлімі штаб батальонының командирі Н.Қойбақов әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға жеңілдетуге 100 мың теңге пара алған. Бұған дейін жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен Қойбақов пара алғаны үшін айыпты деп танылып, оған 3 миллион теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды. Ол енді мемлекеттік қызметте өмір бойы лауазымды қызмет атқара алмайды. Бұған дейін Павлодар облысында Екібастұз қалалық қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімнің инспекторы парамен ұсталған болатын. Ол әскери билетті жасап бергені үшін делдалдар арқылы 800 000 теңгені заңсыз алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!