{metadescription}
Әжей 89 жастағы құрбысын өлтіріп, жазадан құтылып кеткен

Әжей 89 жастағы құрбысын өлтіріп, жазадан құтылып кеткен

Англияда 82 жастағы әжей өзінің 70 жылға жуық дос болған 89 жастағы құрбысын өлтірген. 

Оқиға 2019 жылдың қыркүйегінде болған. Әжей құрбысының үйіне қонаққа келген. Үйден шыққанда автокөлігінің артқа қарай шегініп кеткенін көрген. Сол сәтте көлігіне отырып, газ бен тежегішті шатастырып, алдыға қарай жүріп кеткен. Сол кезде абайсызда құрбысын қаққан. 89 жастағы құрбысы бас ми жарақатын алып, он күннен кейін ауруханада көз жұмған.

Сот әжейдің үш жыл көлік жүргізуіне тыйым салып, 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа кескен. Әжейдің өзі осы оқиғадан кейін жүргізуші куәлігінен бас тартқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде