Бортында 38 адам бар Чили әскери ұшағы жоғалып кетті
Бортында 38 адам болған Чили әскери әуе күштерінің ұшағы Антарктидаға бара жатқан жолда жоғалып кетті.
15:10 10.12.2019
C-130 Hercules ұшағы Пунта-Аренасадан жергілікті уақытпен 16:55-де ұшып кеткен. Чили әскери әуе күштерінің мәліметінше, борт дүйсенбі күні жергілікті уақытпен 18:00-ден кейін байланысқа шықпай қалған. Із-түзсіз жоғалғандар арасында экипаждың 17 мүшесі мен 21 жолаушы бар. Чили әскери әуе күштері іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатқанын мәлім етті. F-16 екі жойғышы мен төрт кеме ұшақты іздеуге жіберілді.
Чили ӘӘК генералы Эдуардо Москейра жергілікті БАҚ-қа ұшақтың апат сигналын қоспағанын хабарлады. Оның айтуынша, әскери ұшақ ұшқышының тәжірибесі мол, ол отын қоры таусылғаннан кейін жерге қонуға мәжбүр болуы мүмкін. Чили президенті Себастьян Пиньера Twitter-дегі ресми аккаунтында ұшақтың жоғалып кеткеніне «алаңдап», ел астанасы Сантьягодағы жағдайды бақылап отырғанын жазды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!