{metadescription}
34 жастағы филяндиялық әйел ең жас премьер-министр атанбақшы

34 жастағы филяндиялық әйел ең жас премьер-министр атанбақшы

Финляндияның жаңа премьер-министрі болып 34 жастағы Санна Марин тағайындалмақшы екен.

Қазіргі уақытта ол транспорт және байланыс министрі болып қызмет атқарып жүрген көрінеді. Марин социал-демократиялық партияның отырысы кезінде премьер-министр ретінде сайланыпты. Санна Марин бұл қызметке үміткер екінші кандидат Антти Линдтманды небәрі үш дауысқа басып озған.

34 жастағы Марин әлемдегі ең жас премьер-министр атанбақ. Қазіргі таңда бұл дәреже Украинаның премьер-министрі Алексей Гончарукқа тиесілі. Марин - әкімшілік ғылымдарының бакалавры, саясатқа деген қызығушылығын ерте бастан танытқан. Ең алғаш парламент құрамына 2015 жылы еніпті. 

Бұл жағдайға байланысты Финляндия мемлекетінің үкіметін матриархаттық болып кетті деп айтқандар бар көрінеді. Себебі басқа басқармалық партиялардың да басшылары әйелдер екен. Санна Марин жаңа қызметіне президент қол қойған соң барып кіреседі. 

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.