{metadescription}
Ауруханадағы атыс салдарынан 6 адам көз жұмды

Ауруханадағы атыс салдарынан 6 адам көз жұмды

Чехия полициясы бойы шамамен 180 сантиметрлік қызыл күрте киген күдікті адамды іздеуде.

Чехия премьер-министрінің бірінші орынбасары және ішкі істер министрі Ян Гамачек солтүстік-шығысындағы Острава қаласындағы ауруханада отырған сырқаттарға белгісіз біреу оқ атқанын мәлімдеді. Басында Ян Гамачек төрт адамның қайтыс болғанын және екі адамның жараланғанын хабарлаған, бірақ кейінірек жаралы екі адамның да қайтыс болғаны анықталды. Бұл ақпаратты премьер-министр Андрей Бабиш те растады.

«Атыс салдарынан зардап шеккендер аурухананың күту залында отырған пациенттер екені анықталды. Бақытымызға орай, күту залында отырғандардың саны аз болды», – деді Андрей Бабиш журналистерге.

Чехия полициясы бойы шамамен 180 сантиметрлік қызыл күрте киген күдікті адамды іздеуде. Аурухананың айналасы қоршалған.

Дереккөз: Aikyn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.