{metadescription}
Әпкесін өлтірген жігіт сот залынан қашып кетпекші болды

Әпкесін өлтірген жігіт сот залынан қашып кетпекші болды

18 жастағы жігіт 21 жастағы әпкесінен жындарды қуып шығарамын деп оны өлтіріп алған.

Діни жоралғы жасау барысында әпкесін аяусыз өлтірген мәскеулік Леонид Грейсер қамаудан қашпақшы болды. Ол полицейлердің көз алдында тордан шығып, сот залының төбесін бұзып, жоғары көтерілді. Жас жігіт қолмен көтеріліп, тордан шығады, содан кейін төбені бұзып, сонда кіреді. 

Абдырап қалған сот орындаушылары қашқынды ұстауға тура ұмтылды, бірақ камерадан тайсақтаған олар сотталушыға күш қолдана алмай, әбден әбігерге түсті. Жігіттің шалбары шешіліп, сытылып кетпек болғанда оған ақыры ток ұрғыш пайдаланылды. Сол кезде ол бірден сабасына түсті. Айта кетейік, Мәскеуде 18 жастағы жігіт 21 жастағы әпкесінен "жындарды қуып шығармақ" болып, оны өлтірген. Кейінірек пәтерден есірткі табылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.