Елімізде күн суытады
Синоптиктер 12-14 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
12:53 11.12.2019
Атлантикадан жылы ауа массаларын алып келген батыс ағыны солтүстік-батысқа ауысып жатыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. Сондықтан Баренц теңізінен келетін арктикалық суық ауаның әсерінен республиканың көптеген облыстарында күн суытады.
Сондай-ақ қар, кей жерлерде қалың қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік облыстарда бұрқасын көтеріліп, солтүстік-батыстан екпінді жел еседі. Сондықтан орташа көпжылдық ауа температурадан 4…10°С-қа жоғары аномальды жоғары ауа райы желтоқсан айына тән температураға ауысады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!