БҚО-да оқушы қыз асылып қалды
Батыс Қазақстан облысында тағы бір оқушы асылып қалды.
19:09 11.12.2019
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 6 желтоқсан күні Сырым ауданында орын алды. Сағат 18.44 шамасында Бұлан орта мектеп-балабақша кешенінің 9-сынып оқушысы үйінде өзіне-өзі қол жұмсаған. Қыз бала толық, аз қамтылған отбасында тәрбиеленген.
Қазіргі кезде құзырлы органдар тарапынан анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, қыздың сабағы жақсы болған. Аталмыш отбасында 2 қыз, 2 ұл бала болса, марқұм соның бірі еді. Бұл - соңғы кездегі осындай үшінші оқиға. Бұдан бұрын Жаңақала ауданында қос бірдей 11-сынып оқушысы асылып қалған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!