Алматының бірнеше ықшам ауданында суық су болмайды
Бостандық ауданына қарасты бірқатар аумақтағы тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады.
01:17 13.12.2019
Бұл туралы "Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше, 13 желтоқсан күні 00:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданының Әл-Фараби – Гагарин – Абай – Әуезов көшелері контурында – Ботаникалық бақтың батыс шекарасы, сондай-ақ "Бағанашыл", "Қазақфильм" мен "Нұр Алатау" ықшам аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады.
Сонымен қатар, Абай – Гагарин – Төле би көшелері – Есентай өзені контурында орналасқан ғимараттарда судың қысымы төмендеуі мүмкін. Суық судың уақытша ажыратылуы магистральды су өткізгіштің зақымдалған бөлігін ауыстыру қажеттілігімен байланысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!