Ибрагим Ескендір қарсыласын нокаутқа жіберіп, IBA Asia титулын иеленді⠀
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Ибрагим Ескендір (6-0, 6КО) мен Уәлихан «Адай» Бисенқұлов (9-1, 9КО) Ресейдің Мәскеу қаласында өтіп жатқан кеште жеңіске жетті.
10:12 15.12.2019
ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, жеңіліп көрмеген 33 жастағы боксшымыздың қарсыласы Малави елінің тәжірибелі спортшысы, яғни 47 айқастың 28-ін өз пайдасына аяқтаған Мусса Аджибу (28-14-5, 24КО) болды. Бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелді. Бірақ соңғы дистанциясына дейін өтпеді. И.Ескендір оппонентін жетінші раундта нокаутқа жіберді.
Осылайша, қазақстандық боксшы профи-рингтегі жетінші жеңісіне (барлығын нокаутпен) қол жеткізіп, IBA Asia нұсқасы бойынша вакантты белдікке ие болды. Бұған дейін И.Ескендір Instagram-парақшасында намысты қолдан бермейтінін жазған болатын. Ал бірінші ауыр салмақтағы Уәлихан Бисенқұлов (9-1, 9 КО) ресейлік Иван Арацкиймен (0-3) кездесті. Төрт раундқа созылуы тиіс болған айқасты Бисенқұлов біріншісінде-ақ аяқтады. «Адай» лақап атты боксшымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Оның алдында қарсыласын нокдаунға жіберді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!