{metadescription}
Депутат түнгі клубта жанжал шығарып, адамдарды соққыға жықты

Депутат түнгі клубта жанжал шығарып, адамдарды соққыға жықты

Оқиға желтоқсанның 14-нен 15-не қараған түні болған.

Мас ер адам жанжал шығарып, достарымен бірге адамдарды ұра бастаған. Ресейдің Тверь облысындағы Вышний Волочёк қаласында депутат түнгі клубта жанжал шығарып, адамдарды соққыға жықты. Куәгерлердің айтуынша, оқиға желтоқсанның 14-нен 15-не қараған түні  болған. Мас ер адам жанжал шығарып, достарымен бірге адамдарды ұра бастаған. Өзін тоқтатпақ болған қызметкерлердің сөзіне құлақ аспапты. Оқиға орнына тәртіп сақшылары екі рет келген. Алайда кінәлілерді полиция бөлімшесіне әкетпепті.

Түнгі клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында мекемеге келушілердің үндеуі жарияланған. Олар Вышневолоцкий колледжінің директоры әрі қалалық округ депутатының әрекетіне наразы екенін жеткізіпті. Депутаттың достарымен бірге келушілермен қатар мекеме қызметкерлерін де соққыға жыққаны жазылған.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.