Алматыда ер адам автобустың астына жатып алды
Алматыда белгісіз ер адам автобус астына жатып алып, көлік қозғалысына кедергі келтірді.
12:09 16.12.2019
Оқиға 15 желтоқсанда Сейфуллин даңғылындағы (Жансүгіров көшесінен төмен) аялдамалардың бірінде болды. Ер адамның бұл қылығы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Видео @kris_p_almaty Instagram-парақшасында жарияланды.
Сырттай ол 40-45 жасқа көрінеді. Видеодан автобус астынан оны екі полицей күшпен алып шыққанын көруге болады. Бұған қоса тұрғын ішімдікке сылқия тойып алған көрінеді. Оқиға туралы ресми хабарлама келіп түкен жоқ.
Еске салайық, Непалда автобус аударылып, 14 адам қаза тапты және 18-і жарақат алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!