Ғалымдар ұйқысыздыққа алып келетін ас түрлерін атады
Aдреналин мен кортизолдың мөлшері артқан соң ұйқы бұзылады.
13:37 16.12.2019
Колумбия университеті жанындағы колледж дәрігерлері мен хирургтері өз тамақ мәзірі туралы айтқан 50 мың әйелдің деректеріне талдау жасады. Құрамында тазартылған көмірсу көп кездесетін өнімдер ұйқыздық туыдыратыны анықталды. Олардың қатарында қант, ақ нан және күріш кездеседі. Мұндай өнімдер қан құрамындағы қантты арттырады, ал ағза оны азайтам деп инсулин бөлей бастайды.
Процесс барысында гормондар көтеріліп, адреналин мен кортизолдың мөлшері артқан соң ұйқы бұзылады. Ғалымдар жеміс-жидек пен көкеністі көбірек тұтынуға кеңес береді. Жеңіл әрі пайдалы тамақтану ұйқыға жақсы әсері ететіні белгілі.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!